59. Ертең «Мен өскенде кім болам?» тақырыбында төртінші сы- ныптар арасында сурет салудан жарыс өтпекші. Осы туралы досыңа жазбаша хабарлама жібер, мектеп радиосынан хабарлап айт. Хабар- ландыру жазып, көрнекі жерге іл. Мектеп радиосынан конкурс туралы хабарламаны айту үшін мыналарды ескер: жарыс қандай тақырыпта, қашан болатыны, кімдер өткізетіні, кімдерді шақыратыныңды анықта; хабарламаңды бірнеше рет айтып, дайындал; тыңдарманның назарын аударатын сөздерді орынды қолдан; сөйлеуде дауыс ырғағы мен дауыс екпінін сақта; шақыру қағазын толықтырып жаз. Құрметті ...! Сізді «Мен өскенде кім болам?» жарысына қатысуға ша- қырамыз. Өтетін орны: ... Уақыты и хороший отзыв
Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан денсаулықты қолымыздан келгенше сақтап, шымыр болуға тырысу керек. Жалпы мен өз басым денсаулықты сақтау үшін не істеймін? деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
Спорт-денсаулық кепілі.