6. Арман екі стакан алып, бірінші стаканға екі қасық, ал екінші стаканға бір жарым қасық қант салды. Стакандағы судың массасы 200 грамм, ал бір қасық қанттың массасы 5 грамм. Әрбір стакандағы қанттың массалық үлесін анықтаңыз.
Күз Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу м) Кірпіш Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымд.м) Аққу Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипатт)
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.
Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу м)
Кірпіш
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымд.м)
Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипатт)
Өз елің – алтын бесігің.