6. Белгісіздік есімдікті табыңыз. A) Бәріміз.
B) Баршамыз.
C) Біздің.
D) Қайсыбіреу.
E) Өзіміздің.
7. Ілік септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз
A) Көркемөнер
B) Маңайда
C) Мұражайдан
D) Ағаштың.
E) Сөзге.
8. Тәуелдік жалғауынан соң тұрған табыс септіктегі сөзді табыңыз
A) Тапсырмасына
B) тапсырмасын
C) Тапсырмасымен
D) Тапсырмаға
E) Тапсырмада
9. зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз
А) Биіктеу адам
B) Малды ауыл
C) Кішкене төбешік
D) Баспахана үйі
E) сыпайы бала
10. Ырықсыз етісті табыңыз
A) Жуынды
B) Сөйленді
C) Қырынды
D) Жылынды
E) Киілді
11. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ар, -ып,-ыр
B) -Т,-с,-л
C) -А,-е,-й
D) -Ғыз,-ған,ғалы
E) -Р,-с,-п
12. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз.
A) Ол онымен қатты тартысты
B) Мен ол айтысты көрген жоқпын
C) Оның жағы қарысты
D) Мен оған көмектестім
E) Ол асығыс жетіп келді
13.Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Ба з – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
14.Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.
А) Күн сәулесі нұрын шашады.
B) Терезеден күн түсіп тұр.
C) Күнсіздерге күн болған.
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
E) Күн ыстық екен.
15.Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұл іс менің қолым екен.
B) Өз қолымен берді.
C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.
E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?
16.Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жігер, күш.
B) Сыр, шық.
C) Терезе, есік.
D) Оқтау, тұтқа.
E) Түбір, түн.
17.Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек - өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.
18. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз
A) -Қызылорда
B) -Итбалық
C) -Бейбарыс
D) -Бақанас
E) -Отағасы
19. Айтылуы дұрыс сөзді көрсетіңіз
A) –Боз жорға
B) –Бож жорға
C) –Боз зорға
D) –Бос жорға
E) –Боз шорға
20.
21.Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.
B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
D) Үйдің іші ала-көлеңке.
E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.
22.Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.
А) 5. В) 6.
C) 4. D) 3.
E) 2.
23.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
А) Далалық.
B) Әкетай.
С) Жұмысшы.
D) Орындаушылар.
E) Көркемірек.
Асыланбек: – Сәлем,Сара.Жаман емес,өзіңде ше?
С: – Жақсы.Үй іші қалай?Олармен көріспегелі көп болды.
А: – Бәрі аман-есен.Олар да сені сағынып жүр.
С:– Сәті түскенде барып қайтармын.
А: – Сара,бір сұрақ қойсам бола ма?
С: – Әрине.Бірақ,сабаққа қатысты болса...
А: – Жоға,мүлде ол туралы емес.Менің екі ағамның да өз отбасылары бар және олар ата-анамыздан бөлек тұрады.Әпкем жақында тұрмысқа шығады.Ең кішісі менің де өз шаңырағымды құруым керек... Сонда анам мен әкемнің қасында кім қалмақ?Біз оларды жалғыз тастап кепеуіміз керек қой...
С: – Әрине,сен қара шаңырақта қаласың.Өйткені,сен отбасыларыңдағы кенжесісің.
А: – Неге кенжесі қалуы керек?
С: – Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі.Ал,қара шаңырақ деген ата-анаң құрған шаңырақ. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.Осыны есіңде ұста.
А: – Түсіндім.Қара шаңыраққа ие болудан қашқаным емес...Жәй ғана мені мен де ағаларым секілді бөлек кетсем,ата-анамның қасында кім қалмақ деген ойлар мазалаған еді.Жауабың үшін көп рахмет!
С: – Оқасы жоқ.Сендей ұлдары бар көкем мен анам қандай бақытты.Осы бетіңнен тайма,Асыланбек!
А: – Әрине!Келесі кездескенше!
С: – Сау бол!
Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген.