6. Берілген суреттерге байланысты жағдаяттар ұсынылды . Сол жан даяттарға қатысты сұрақтарға жауап беріңдер . Хабарлы сөйлем дерді ойды жеткізудің тәсілдеріне қарай талдандар . Жағдаяттар Сұрақтар Сандар | Суреттерді пайдаланып , қандай сандық деректерді | айта аласың ? Сөздер Суреттердегі кейбір атаулар қалай пайда болған ден ойлайсың ? Адамдар Бұл суреттер кімдер үшін пайдалы ? Сезімдер Осы суреттегі киімдер саған қандай жағымды жа ғымсыз әсер берді ? Табиғат Суреттерді қоршаған ортамен , табиғатпен қалай бай ланыстырар едің ? Әрекеттер Суреттердегі адамдар немен айналысады ? Дыбыстар Осы суреттерге қатысты қандай әндерді білесің ? Көзқарастар Суреттердің бірін таңдап , сипатта
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.