6. Екі тапсырманың бірін орындаңдар. 1. Қосымша әдебиеттер мен ғаламтор ресурстарынан Қажымұқан
туралы деректер тауып, «Қос жазба күнделігіне» жазыңдар.
Деректер
Түсіндірме (комментарий)
2. Қажымұқан туралы деректерді негізге алып, «Батыр тұлғасы»
тақырыбында сипаттамалық эссе жазыңдар.
Жеңіске 75 жыл.
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 75 жыл толды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхондағы Күлтегін ескерткіші - Орхон мұражайы, Хархорин, Моңғолия
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.