6. : Мәтін мазмұнын сөйлеу тілі стилінде әңгімелеп беріңдер. Әкем Жүсіпбек жазушы ғана емес, жан-жақты өнер иесі болатын. Ол ғажап етікші, темірден түйін түйетін ұста еді, сонымен бірге музыкалық аспаптарда (домбыра, скрипка, рояль) еркін ойнайтын. Ең негізгісі, нағыз көркемсөз шебері болды. Қолы қалт етсе, жазу үстеліне келіп, та отырып, көп жазатын... Ақын-аудармашы, көрнекті жазушы, педагог-ғалым ретінде қазақ әдебиеті мен ғылымына қалам қуатын арнағанын мақтан етемін. Бір уақ көңіліме демеу аламын... (Жанақ Аймауытұлының естелігінен)
Өмірлік таңдау жасау - маңызды қадам. Шешім қабылдауда кейбіреулер жауабын сұрақ қойылып болмағанша біліп тұрса, басқалары "+" пен "-"-терді жүйелегенше бірнеше күндер өтеді. Осы екі мінезден де қажет қасиеттерді жинап, әрекет етудің екі мәнерін ұйғарсаңыз, әр таңдау алдында дұрыс шешім қабылдай аласыз.
Алдыңғы жолы біз сіздерге экстравертердің мінезінен үлгі алып, шешімдерді тез қабылдауды үйренуді ұсынғанбыз. Бүгінде осы мінезге қарама-қарсы интровертер мінезінің жақсы жақтарын қарап, шешімді ойланып, асықпай қабылдауды үйренейік.
Көшпенділер (Номад[1], Көшпенді халықтар) — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар. Кейбіреулері аңшылықпен, ал әлдебір оңтүстік-шығыс Азия теңіз көшпенділері балық аулаумен ауналыс-қан/-ады. Көшпенді ұғымы кезінде егінші, балықшы секілді отырақшы халықтарға салыстырмалы айтылған. Бірақ өнеркәсіп төңкерісі, әсіресе ақпарат ғасырының басталуы отырақшыны да, көшпендіні де дәстүрлі шарушалық, тұрмыс формасынан ажырата бастады. ХХ ғасырдан бастап Көшпенділер саны қатты құлдырады. Қазір әлемде шамамен 30-40 млн көшпенді бар делінеді.[2][3][4][5]