Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
Тұрақты сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.
Осы жолы бастаған ісі де сәтсіз аяқталып, ағамның салы суға кетті.
Сенің осы мінезіңді түсінбей – ақ қойдым: біресе қабағыңнан қар жауып, біресе жайдары бола қаласың?
Үзілісте жасаған қылығы үшін Абзалдың бетіне оты шығып, өзін тығарға жер таппады.
Әдетте батыл, өр мінезді ерлерді «жүрегінің түгі бар» дейді.
«Қолдағы бардың қадірі жоқ» демекші, ауылға көшіп келгелі, қаладағы достары Санжардың көзінен бұлбұл ұшты.
Ағаштан түйін түйіп жүрген жас шебер осы жолы көрмесін біздің қалада өткізбекші.
Жерлесіміз Қуандық Рахымның туған қаласында өткен концертінде ине шаншар жер болған жоқ.
Әдетте, қолөнер үйірмесіне қатысатын қыз балалардың барлығы иненің көзінен өткендей болады.
Бүгін таңертең есік алдында көрші апайлар бір – бірінің ит терілерін басына қаптап жатқаннан оянып кеттім.