Бұл (осы) жылы біз мемлекеттік емтихан тапсырамыз. Емтихан, ең алдымен, бұл біздің білімімізді тексерулердің бір тәсілі. Мен 5 сабақтан емтихан тапсырамын. Бесінші сабақ, қалауынша, мен биология сабағын таңдадым. Биология сабағы маған өте ұнайды, мен оны оңай тапсыратыныма сенімдімін. Мен емтихандарға өте жақсы дайындалып жатырмын. Тыным таппай барлық өткен тақырыптарды түсінүге талпынамын. Мен емтиханға байсалдықпен қараймын. Мен күнде дайындаламын және қосымша құралдар сатып аламын. Біреулер үшін емтихан әншейін тест, бірақ мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Мен емтихандарды жақсы тапсырғым келеді. Мен өзіме сенімдімін, емтиханды жақсы тапсырамын.
Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу - қоғамда өз орнын табудың кепілі.
Соңғы жылдары өмір бойы білім алу концепциясы аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр, себебі оқу үшін ешқашан кеш емес, тек талпыныс болса болғаны. Қазір адамды киген киімі бойынша емес, басындағы білімі арқылы бағалайды. Білімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны анық.
Абай, Ыбырай аталарымыз да жас ұрпақты білім алуға шықырып, білімді болуды насихаттаған болатын. Міне, осы аталарымыздың жолын жалғап, білім алудан жалықпайық, достарым!
Білімдінің күні жарық.