6 сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?», «Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны», «Менің туған өлкем өлендер мен прозада» Оқушы: сынып: 1. Мәтінді оқы. Желкенді кемелер заманынан бері желдің күші Бофорт шкаласымен өлшенеді. Осы жел күшін өлшеуге бұл шкаланың шамасы жетпей қалатын кездер де болады екен. 40-50 м/с соққан жел. Бұл жылдамдық бір орында тұрған адамды ұшырып әкете алатын жел жылдамдығы. Ұшақтан секіретін парашютистер осы жылдамдықпен кұлайды. Секундына 15 метр — реактивті ұшақтар қонып жатқанда желдің жылдамдығы осыдан көп болмауы керек. Ал қону алқабы ылғал болса, жел жылдамдығы 2-3 есе аз болуы керек. Сендер бүгін осындай қызықты ақпаратты білдіңдер. 1. Сұраққа жауап жаз. Желдің күшін қандай шкаламен өлшейді?
Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі.
Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:
<poem>Алыстан сермеп,
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәћра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ — ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насиқат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз ақыл —
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны.
Күпілдек мақтан,
Табытын қаққан
Аңдығаны, баққаны.
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол — бай тап,
Адам бол — мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас.
Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар а
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақтың болды ғой.
Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге,
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөндерге.
Үш-төрт жылғы әдетің
Өзіңе болар жендетің.
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды,
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа.
Қайратым мәлім, —
Келмейді әлім,
Мақсат — алыс, өмір — шақ.
Өткен соң, базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?!
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мал емес.
Бір кісі мыңға,
Жүз кісі сұмға
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым
Айғаймен өтті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір.
Сөзуар білгің
Законшік, көргіш
Атанбақ мақсат,мақтанбақ.
Жасқанып, қорқып,
Жорғалап, жортып
Именсе елің, баптанбақ.
Қарғағанын жер қылмақ.
Алқағанын зор қылмақ.
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, айтып бер.
Ел аңдып сені,
Сен аңдып оны,
Қылт еткізбей бағып көр.
Ойнасшы қатын болса қар,
Аңдыған ерде қала ма ар?
Көмексіз көзің,
Бір жалғыз өзің
Баға алмай басың сандалар.
Баурыңа тартқан,
Сырыңды айтқан
Сырласың сырт айналар.
Ол қаны бұзық, ұры-қар
Қапысын тауып сені алар.
Басы-көзі қан боп.
« Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің», « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.» Иә, мен бұл сөздердің қаншалықты құнды, теңіз суындай терең мәнді етіп айтылғанын жүрегіммен сезінемін. Қазір ойлап отырсаңыз, адамзат ғана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бері құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр емес пе? Әр кітап өзінше бір керемет дүние.
Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым" атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес.
Бірінші себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға-Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін " Қазына толы қамбадан" қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың . Енді, кітап жайлы біренеше мәліметке қанық болғайсыздар.
Жазушы Мархабат Байғұттың бұл кітабына ауыл туралы әңгімелер енген. Ауылға іңкәр қаламгердің аталмыш тақырыпқа жиірек жазатыны, уызды да уытты тілі, әдемі әзілі мен астарлы әжуасы оқырман қауымға белгілі. Ауыл адамдарының сезімталдығы мен сағынышын, мұңы мен махаббатын, талайы мен тағдырын табиғи бейнелейтін прозашы жаңа әңгімелерінде қазіргі заман талабына, бүгінгі уақыттың әуеніне сәйкес психологиялық тың ізденістер таныта түскен. Кітап мазмұнының құрамында : "Жалбыздың жағасында", " Көрпесайдың кітапханасы", " Айып", "Варвараның көмбесі", " Алпыс үшінші жылғы махаббат" т.б. өте шығармалар молынан жинақталған.
Мен осы кітапты ең алғаш қолға алған кезімде, ол өзіне мені қатты баурап алар деп ойламаппын. Жазушы ағамның жазушылық шеберлігіне тәнті болдым және қатты таңырқадым. Сонымен қатар, кітапты оқып бастағаннан-ақ бойымды мақтаныш сезімі керней жөнелді. Неге мақтанбасқа? Оңтүстік жұртында алты алашқа ауыз толтырып жыр қып айтар жаңа шығарма дүние есігін ашқанда?! Неге мақтанбасқа? Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын жалғар қазақта ұл болғанда?!
"Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашының борышы мен міндеті. Жастарымыз дәстүрлерімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс", деп Назарбаев жастардың бойында ғы мәдени танымдылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың қайнар көзі кітап-оқу арқылы берілетінін айта отырып, білім мен ғылымның көкжиегінде биік асулардан көргісі келетіндігін атап өтті.
ххі ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі-кітап десек қателеспейміз.
Бүгінгі тақырыпқа арналған өз ойымды қорытындылай келе, өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптап асқан асыл қазына жоқ демекпін. Сондықтан да, дәл қазіргі ауыттан бастап кітап оқуға өздеріңізді бейімдеңіздер. Өздеріңіздің ішінен мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар "сүйікті" кітаптарыңыз болсын демекпін.
Кітапта алма ағашы,
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін. - деп,
осы өлең шумақтарымен әңгімемді аяқтағым келеді.