В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
6ВинишкоТян9
6ВинишкоТян9
10.04.2022 09:05 •  Қазақ тiлi

6.«Түсінік ойыны» 1) Мәтіннен тірек сөздерді тауып, әрқайсысына 4-5 ассоциация-тірек сөзден жаз

5. Мәтінді оқы . Бабалар аманаты Еңсесі биік Елордам менің ! Ата - бабамыз ежелден аңсаған еркіндіктің бойтұмар белгісіндей болған байрақты шаһар бас қалам менің ! Бүгін сенің туған күнің . Шын мәнінде , елдікті сезінген адамға нағыз қуаныш . Сарыарканың сайын төсінен ойып тұрып орын алған, көкке мойын созған арулім үйлерімен көрген жұртты тамсандырған Елордам менің ! « Астана күні , деген ат алып , айдар тағылған бүгінгі той – сенің еншің , се нің тойын , қазақ баласы . Мемлекет орталығы Қазақстанның дәл ортасына орна ласты . Көк байрақ Арқа жерінде желбіреді . Түгін тартса майы шығатын қазақтың шұрайлы жері түбі бір атақонысқа айналуы керек еді . Қазақтың уайымы онсыз да аз емес - тұғын . Соның үлкені туырлықтай болса да , туған топырақтан айырылмаудың қамы болатын . Жердің түтастығы - елдің тұтастығы . Қазақтың еркіндігі үшін күрескен Қабанбай , Бөгенбай , Наурызбай , Сырым Датұлы , Исатай , Махамбет сынды батыр лар армандаған тәуелсіздікке қол жетті . Қазақ жерінде кешегі Алаш идеялары жүзеге асты . Алаш орда мүшелері алғашқы Ақпан революциясына ілесе шыққан күрескерлер еді . Олар патша құлаған соң , еркіндік бола ма деп сенді . Алайда большевиктер саясаты үмітті ақтамады . Алашордалықтар алған беттен қайтпай , еркіндік ұранын айта берді . Қазақтың асыл ерлері ақыры сол үшін құрбан болды . Тәуелсіздік ойын оятқан арыстарымыздың мұратына қол жеткізу біздің ұрпақтың маңдайына бұйырды . Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті . 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет — сол арыстардың асыл арманы ның жүзеге асуы . Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз қажет . Алаштың асыл аманаты бізге тарихи - мәдени бірегей лігімізді , қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндет тейді . Алаштың асыл армандары бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады . Қазақстан халқының бірлігі бәрінен бұрын қазақтардың бірлігіне байланысты . Н. Жycin

Показать ответ
Ответ:
elyakiselya17
elyakiselya17
18.05.2023 07:16
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
0,0(0 оценок)
Ответ:
булати
булати
23.08.2022 12:30
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да совет үкіметі кезінде, дәлірек айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. революцияға дейінгі шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын көреміз. ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде xviii - xix ғасырлар әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. бірақ тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. мысалы, в.в.радловтың «түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды кітабының ііі томында (1870 ж.) жанақ пен түбек, орынбай мен шортанбай т.б. бар. тек хх ғасырдың бас кезінде «қырғыз поэзиясы туралы» деген в.н.белослюдовтың мақаласында  ғана хіх-хх ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота