Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не? ) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. мысалы: сөзді сен баста. бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. мысалы: өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. ондайда етістіктен сұрақ қою керек. етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені? ) айт? деп сұрақ қоюға болады. мыс: мен өз елімді сүйемін. не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? мен - бастауыш. кімді сүйемін? елімді – толықтауыш. қай елді сүйемін? өз – анықтауыш. бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. отанымды қорғаймын. мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. сондықтан да бұлар — салт етістіктер. кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б. досыма (кімге? ) бардым, төрде (қайда? ) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен? ) сырластым. а. с. кітап, анасы, әкем. і. с. кітаптың, анасының, әкемнің. б. с. кітапқа, анасына, әкеме. т. с. кітапты, анасын, әкемді. ж. с. кітапта, анасында, әкемде. ш. с. кітаптан, анасынан, әкемнен. к. с. кітаппен, анасымен, әкеммен. сабақты етістік салт етістік кітап оқы /нені т. с жал жасырын күйде тұр/ гүлді жұлма малды суар мақаланы жаз досыма бардым /барыс септігі/ төрде жатыр /жатыс септігі/ мектептен шықтым /шығыс септігі/ анаммен сырластым /көмектес септігі/
Мен жазды өте жақсы өткиздим . Мен анаммен Самараға бардым. Кешке бирақ жеттік . Мен самарада бір айға қалдым . Басында мен макдоналдсде болдым . Сосын мен анаммен супермаркетке бардым . Келесі күні анаммен Гагарин паркине баруды жоспарладық . Ол жақта мен әткеншектерге міндім . Азанымен анам мены бір айға калдыру үшін Атырауға кетіп қалды .Екінші тамызда мен тәтем Машамен және жиеніммен мұражайға бардық. Мұражайда өте әдемі болды . Басында мен қимылдаған алыптардың экспедициясында болдым . Одан соң кәдімгі экспедицияда болдым .Ол жерде өте әдемі және қызық болды . Мен өте риза едім . Келесі күні біздің үйдің жанында араба тұрды . Кешкісін мен жиеніммен арабада кәшендім . Сөйтіп бір ай да өтті , анам да мені алып кетуге келді . Және мені Атырауға алып кетті . Міне осылай мен оз жазғы демалысымды өткіздім .