Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр.Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.
Мен Тараз қаласында тұрамын. Менің туып өскен, кіндік қаным тамған жерім де осы ара. Тараз – к тарихы бар, өзіндік ерекшеліктерімен де талай жұртқа танымал шаһар. Қала тұрғындары да өте мейірімді, аққөңіл, мәдениетті, саламатты өмір салтын ұстанатын жандар. Мен өз қаламды ерекше ұнатамын, сүйемін, сыйлаймын әрі құрмет тұтамын. «Алып анадан туады» демекші, Тараз қаласынан әлемге әрі ұрпаққа аты әйгілі боп қалған көптеген танымал тұлғалар: ақындар, жазушылар, ғалымдар, халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар – шыққан. Менің қалам – мақтан тұтарлық қала! Тараз қаласының жастары қоршаған ортамыз табиғатқа ықыластана қамқорлық жасайды. Өйткені, өсіп тұрған әрбір тал-дарақ біздің өмірімізге, оның ішінде денсаулығымызға көп пайдасын тигізуде. Табиғат ана бізге сый берсе, біз де оған «сыйға-сый» ретінде айрықша қамқорлық таныта білуіміз қажет. Біздің қаламызда жылма-жыл дерлік жас көшеттер отырғызу ісі дәйектілікпен жүзеге асырылып отырады. Сол көшеттер бізді жаман иістерден қорғайды. Тараздың мәңгі жасыл қалаға айналуына септеседі. Айтпақшы, былтыр қала тұрғындары Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік іс-шараларға ата-анама ілесіп мен де бардым. Үлкен ағалардың жаңадан көптеген гүлзарлар ашқанын көрдім. Әсіресе, маған Керей мен Жәнібек хандарға тұрғызылған ескерткіштің маңы, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы мұражай-саябағы кереметтей ұнады. Тараз гүл-қалаға, таза қалаға айналды. Қаламыздың осы қалпы сақталуына біз де үлес қосамыз. Оның әрбір тал-гүлін, көшетін аялауға тиіспіз. Гүлзар алаңдарды енді достарыммен бірге демалыс сайын келіп тамашалауды дағдыға айналдырамын. Әркім де туған жерінен жыраққа кетсе де, туған жерін аңсамауы мүмкін емес. Ақылың қаланы қаласа, жүрегің әрқашан туған өлкеңді қалайды. Мен әрқашан өз қаламды мақтан тұтамын!