6-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Жыр-дастанның құрылымын баяндаңдар. Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша жыр-дастандар мынадай үш бөліктен тұрады: 1) оқиғаның басталуы; 2) оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі; 3) осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні. Күлтегін» жырының «кіші жазуындағы» екінші топтаманың алғашқы үш жолында Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұлан- ғайыр кеңдігі, одан кейінгі екі жолда осы топтаманың түйіні – Түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігі баяндалған. «Күлтегін» жырының «үлкен жазуы» көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руна жазуы бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құрылған: 1) түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; 2) түркі- лерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; 3) Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; 4) Қапаған қаған туралы; 5) Білге қаған жайлы; 6) Күлтегін туралы.