В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ISMAL2009
ISMAL2009
11.06.2021 06:04 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құр.


6-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құр.​

Показать ответ
Ответ:
maloy4424
maloy4424
25.07.2020 19:00

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.

Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.

Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.

Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті.  Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі,  Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы басқа қалалар. 

Біздің заманымыздан бұрынғы 138 жылы ғұндарға қарсы одақ құру жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері бір мың сегіз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз жауынгерден құралған» деп жазады. Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.

Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттейді. Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.

Таптық қоғамда байлықты жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне – мал, қол өнер бұйымдары, тұрғын үй тағы басқалар, ал екіншісіне – жер, жатқызылады. Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе, көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүлік теңсіздігінің дамуына себепші болды.

Үйсіндерде жекеменшіктің кеңінен тарауына байланысты бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді пайдалану ісінде де теңсіздік орын алды, тіпті оны мұрагерлік жолымен пайдалану да көрініс тапты. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер, менің жерім» деген белгілі қағида орын алды. Бұл көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң – кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида үйсіндердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелегенін көрсетеді. Мысалы, бай үйсіндердің төрт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін шамамен 8-10 гектар жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар жайылым қажет екенін есептеп шығару қиын емес.

Сондықтан мұның өзі ежелгі үйсін қоғамында біздің заманымыздан бұрынғы І ғасырдан бастап малы көп байлардың шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталғанын айтуға негіз бола алады.

Чжан Цян үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді жеткізді.

Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Олар ғұндарға тәуелділікті мойындады. Кейін ғұндардан бөлініп, Қытаймен достық қарым-қатынас орнатады.

Үйсін мемлекетінің патшасын гуньмо деп атаған.

Біздің заманымыздан бұрынғы 53-інші жылы мемлекет екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо. Үлкен гуньмодан кейінгі мемлекеттік лауазым кіші гуньмо болды. Бұл бас уәзір еді. Одан кейінгі лауазым – тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Мемлекет әскері оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды. Әскери қолбасшылардың көмекшілері «Дарту» атағын алып отырды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.

Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде және сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хан империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды.

Біздің заманымыздан бесінші ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.

 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sulifat
Sulifat
16.04.2020 03:09

2-деңгей

Қазақ тілінің басқа тілдерге қарағанда сөз саны күрт көп екені айтылған.

3-деңгей

Қазақ тілінің сөз байлығы

Ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі — қазақ тілі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан ғайыр көп. Әсіресе халықтың байырғы (адам, әке, ана, аға, туыс, бауыр, жолдас, ақыл, мінез, жер, су, орман, үй, еңбек, шаруа, жігіт, батыр) сөздері өте мол.

Сонымен қатар байырғы сөздерден косымша арқылы жасалган (ағарту-шы, жазу-шы, адам-гершілік, кісі-лік, мейірім-ділік, оку-лық, аялда-ма, өнер-паз, шабан-доз, тіл-ші) сөздер немесе сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалғандардың (үлкенді-кішілі, оңды-солды, ағалы-інілі, жұмысшы-шаруа, ақ көңіл, ақ иық, ақ пейіл, қарға адым, жылан бауыр, жеті қараңғы, күйтабақ, кәсіподақ, ба өз, еңбеккүн, кемпірқосақ, өнеркәсіп) есебі жоқ. Осылардың барлығына негізгі қор, тірек болатын — халықтың байырғы сөздері.

Сондықтан байырғы сөздерді сөздік қор деп атайды. Сөздік қор тілімізде жаңа сөздер жасауға негіз болады.

Қазақ тілінің құрамында басқа тілден енген сөздер де мол. Орыс тілінен: машина, трактор, пионер, институт, техникум, фабрика, колхоз, совхоз, парта, актер, кино, дружина т. б. ал араб-парсы тілдерінен: мектеп, қалам, дәптер, ұстаз, мұғалім, бала, медресе, әдебиет, кітап т. с. с. сөздер халықтың өз сөзіндей болып кеткен. Басқа тілден енген сөздер болғанмен, бұлар байырғы сөздермен бірге қазақ тілінің сөздік құрамына енеді. Қазақша сөйлеуге және жазуға қатысатын барлық сөздердің жалпы жиынтығы қазақ тілінің сөздік құрамы немесе лексикасы деп аталады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота