6-тапсырма. Мәтіннен алған ақпараттарды талда. Төмен- деrі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгіле. Өз ойыңды қорытындылап жаз. «+» Бұрыннан білемін. Менің ойлағаныма қайшы, кереғар. Мен үшін Келісе алмай- жаңа ақпарат. мын, білгім келеді.
Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі.[1] Су бірнеше кертпештен қатарынан сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін.
Көктем-ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі, себебі оқушылардың сағына күткен көктемгі демалыстары басталады.Оқушылардың өздерін қызықтыратын істерімен айналысатын, туған –туысқандарына қыдырып баратын, ойын -сауықтыру орындарына барып демалуға болатын уақыт. Көктем- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жеке қызығушылықтарын дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын уақыт. Көктем маусымындағы бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, көшбасшылық, тез тіл табу сияқты қабілеттерін дамытуға, өз-өзіне сенімділіктерін арттыруға бағытталған.