В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
figa333
figa333
04.05.2020 09:09 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма.Оқылым мәтіні бойынша кестені толтыр. 6 сынып. 72 бет. 5 тапсырма дан истеу керек.


6-тапсырма.Оқылым мәтіні бойынша кестені толтыр. 6 сынып. 72 бет. 5 тапсырма дан истеу керек.
6-тапсырма.Оқылым мәтіні бойынша кестені толтыр. 6 сынып. 72 бет. 5 тапсырма дан истеу керек.

Показать ответ
Ответ:
cfgcgj
cfgcgj
22.10.2021 03:12

"Менің жан досым" сөзінің мағынасы не екенін сұрасаңыз, әркім әртүрлі жауап береді. Бірақ барлығының түсінігі бір, дос – үнемі қасыңнан табылатын, қиындықта көмектесетін жан.

Менің ойымша, достың орны бөлек, қасыңда қиналғанда сырыңды айтып, ал қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін жақын досыңның болғанына не жетсін, шіркін! Қазіргі заманда шынайы дос табу өте қиын…

Менің ең жақын құрбым бар. Оның есімі – Мәдина. Ол менің әпкемдей болып кеткен жан. Екеуіміз қайда барсақ та, бірге жүреміз. Бір-бірімізді ешқашан ренжіткен емеспіз, қайта қиын- қыстауда қол ұшымызды береміз. Мен бұл өмірде өз құрбымды еш ренжітпей, әрқашан да қасынан табылғым келеді

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vishya007
Vishya007
17.04.2023 08:35

Үркер — (астрономиялық аталуы М45) Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды Үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында Үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.[1]

Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс.

Небра аспан тақтасы, б.з.д.1600ж. жасалған. Оң жақ үстінгі бөлігіндегі топты жұлдыз Үркер деп есептеледі.

Көк түсті жоғары темпратуралы тұрақты жұлдызды негіз еткен бұл Үйіржұлдыз шоғыры шамамен 100 млн жыл бұрын қалыптасқан екен. Ұсақ тозаңдардан құралған тұмандық осынау жарық жұлдыздар шоғыры төңірегін айналып жатыр. Бұрынғы түсіндіру бойынша, тозаңдар үйіржұлдыз қалыптасқан кезден қалған делінсе, ең жаңа түсіндіру бойынша бұл жұлдыз үйіріне қатысы жоқ алып тозаңдар бұлты осы өңірден өтіп бара жатқан көрінеді. Астрономдардың болжауы бойынша, бұл үйіржұлдыз шамамен әлі де 250 млн жыл өмір сүреді де, сосын Құс жолының тартылыс күшінде ыдырап, өзіне таяу жұлдыз жүйелеріне араласып кетеді.

Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердегі жарық жұлдыздардың төңірегінде үлкен тозаңды тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі ара қашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота