6-тапсырма. Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өмір әдебі» кітабынан төменде берілген үзіндіні оқып, өз ойыңды ортаға сал.
Ата-ананың қай қайсысы болса да, балалары қабілетті, тапқыр, талантты
болып өссе, олар басқа балалардан артық болса деп армандайды. Алайда меніңше,
қымбатты достар, бұл туралы емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек.
Ол адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмей пайда әкелетіндей етуі
керек.
Оқу үрдісінде аса маңызды буын болып табылатын білім беру мен тәрбие ісін ұлттық мұрат, мемлекеттік мүдде тұрғысынан зерделей отырып дамыту - тәуелсіз еліміздің келешегін тәрбиелеуге өз өмірлерін арнаған ұстаздар қауымына үлкен талаптар жүктейді. Әсіресе, Елбасының тікелей бастамасынан бастау алып, бүгінде елдік іске ұласқан «Мәдени мұра» бағдарламасының түп мақсатына зер салар болсақ, халықтық қазынаның қадір-қасиетін, ұлттық ұлағатты мәдени жәдігерлер негізінде жас ұрпақтың санасына сіңіру болып табылатынын көреміз.
Ізгілік туралы эссе.
Ізгілік (гуманизм) - адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын, намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын діріптейтін идея.
«Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ» деп Сократ айтқандай, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ізгілік ешқашан да өлмейді.
Ізгілік – өнегеліліктің шыңы. Ізгі адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол өзгелерге қамқор болып, көмектесіп, «тек жақсылығым тисе екен» деген ізгі ниетте болады.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Сондықтан қолымыздан келгенше ата – ана, бойымыздың өнегелі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, ізгілік нұрын жинайық.