Әр елдің астанасы- мемлекеттің алтын бесігі болып табылады. Өйткені ол мемлекеттің бет-бейнесі, оның жүрегі. Ал біздің Елордамыз Астана күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ол- болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы. Адамзат тарихында астанасын жаңартқан мемлекет аз емес. Ғасырлар бойғы бабалар арманын төрт-бес жылда Астанадай қала салған мемлекет болған емес. Біз Елбасының сындарлы саясатының арқасында жаңа ғасырға, мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасында егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке, жаңаша керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамыз бен көкте қалықтаған қырандай желбіреге көк туымызды көргенде, әуелеп ұшқан әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билері анық. Мұны көру мен сезіну мен үшін үлкен бақыт! Аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденіп, тәуелсіздігіміздің тірегі, отанымыздың жүрегі болған Астананы көрудің өзі бір ғанибет. Ол еліміз үшін жаңа дәуірдің жаңа парағын ашқанмен пара-пар болып, егемен ел екенімізді айғақтап тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала болған Астана-өнер, білім және мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды. Бұл көрмеде мемлекетіміз өзінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Мұндай іс-шараға әлемнен милиондағн адам қатысады. Міне, осылайша әлемге өзін мойндата, күн сайын құлпырып келе жатқан Астанамыз бүгінде арманы асқақ, бағыты айқан арғымаққа мінген бозбаладай, әсем таранып, сұлулана түскен бойжеткендей сылаң қаққан Астананың болашағы зор. Осындай еңселі ордамыз бар біз бақытты ұрпақпыз.
1. Мектеп, оқушы сөздерін септеу, көптеу, тәуелдеу.
1) Септеу
Атау септік:оқушы,мектеп.
Ілік септік:оқушының,мектептің.
Барыс септік:оқушыға,мектепке.
Табыс септік:оқушыны,мектепті.
Шығыс септік:оқушыдан,мектептен.
Жатыс септік:оқушыда,мектепте.
Көмектес септік:оқушымен,мектеппен.
2) Жіктеу Мектеп сөзі жіктелмейді, тәуеленеді.
Жекеше:
І жақ:Мен оқушымың.
ІІ жақ:Сен оқушысың.
Сыпайы түрде:Сіз оқушысыз.
ІІІ жақ:Ол оқушы.
Көпше:
І жақ:Біз оқушымыз.
ІІ жақ:Сендер оқушысыңдар.
Сыпайы түрде:Сіздер оқушысыздар.
ІІІ жақ:Олар оқушылар.
3) Тәуелдеу
Жекеше:
І жақ:Менің оқушым,мектебім.
ІІ жақ:Сенің оқушың,мектебің.
Сыпайы түрде:Сіздің оқушыңыз,мектебіңіз.
ІІІ жақ:Оның оқушысы,мектебі.
Көпше:
І жақ:Біздің оқушыларымыз,мектептеріміз.
ІІ жақ:Сендердің оқушыларың,мектептеріңіз.
Сыпайы түрде: Сіздердің оқушыларыңыз,мектептеріңіз.
ІІІ жақ:Олардың оқушылары,мектептері.
2. Рухани, Қазақстан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Рухани - [3 буын: ру - ашық, ха - ашық, ни - ашық]
р - дауыссыз, үнді
у - дауысты, қысаң, еріндік, жуан
х - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
н - дауыссыз, үнді
и - дауысты, қысаң, езулік, жiңiшке
Әріп саны: 6
Дыбыс саны: 6
Қазақстан - [3 буын: қа - ашық, зақ - бітеу, стан - бітеу]
Қ - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
з - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
қ - дауыссыз, қатаң
с - дауыссыз, қатаң
т - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
н - дауыссыз, үнді
Әріп саны: 9
Дыбыс саны: 9