6-тапсырма Су туралы мақал-мәтелдер тауып айтыңдар.
Су
біздің басты байлығымыз. Су адам
баласына аса қажетті мол қазына. Адам су-
сыз тіршілік ете алмайды. Табиғатта судың
қолданылмайтын жері жоқ. Сусыз тамақ піс-
пейді, тазалық та болмайды.
Су жолымен адам қатынайды, қайық, кеме
жүзеді, жүк тасиды. Судың күшiнен электр
қуатын да алады.
Бірде-бір өндіріс орны сусыз жұмыс істей
алмайды. Бояу езу, мата, тері бояу, қағаз,
сабын дайындауға да су қажет. Суды көзіміздің
қарашығындай сақтап, игілікке жұмсау керек.
1) Судың да сұрауы бар.
2) Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.
3) Сылдырсыз аққан судан без.
4) Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар
5) Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.
6) Су бергеннің — сауабы бар.
Су төккеннің жауабы бар.
7) Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.