61. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны қанша?
A) 9
B) 10
C) 11
D) 12
E) 15
62. Тұйық буын деген не?
A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді.
B) дауыссыздан басталып дауыссызға бітеді.
C) бір ғана дауыстыдан тұрады.
D) дауыссыздан басталып дауыстыға бітеді.
E) үш дауыссыз бен бір дауыстыдан тұратын буын.
63. Мағынасы ұқсас (синоним) емес сөздерді табыңыз.
A) атамекен, отан.
B) шағым, өкініш.
C) қария, қарт.
D) әдемі, көрікті.
E) төзімсіз, төзімді.
64. Етістікке қатысты емес терминді табыңыз.
A) етіс
B) рай
C) шақ
D) жақ
E) шырай
65. Өзі жалғанған заттың екеу немесе одан артық екенін білдіретін қосымшаны табыңыз.
A) тәуелдік жалғау
B) септік жалғау
C) жіктік жалғау
D) жұрнақ
+E) көптік жалғау
66. Қайсының мағыналық түрі жетеу?
A) Сан есім
B) Сын есім
C) Етістік
D) Есімдік
E) Шылау
67. Қай сөйлем түрі? Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
A) Кезектессалалас
B) Ыңғайлассалалас
C) Себеп-салдарсалалас
D) Түсіндірмелісалалас
E) Қарсылықтысалалас
68. Қай сөйлем түрі. Маған шар берді де ағама доп берді.
A) Кезектессалалас.
B) Ыңғайлассалалас.
C) Себеп-салдарсалалас.
D) Түсіндірмелісалалас.
E) Қарсылықтысалалас.
69. «Шәкірт» сөзінің синонимін табыңыз.
А) қала
В) оқушы
С) батыр
D) кемеңгер
Е) шаһар
70.Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А)әкеммен
В)әкеме
С)әке
D) әкемде
Е)әкемді
71. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
А) Бар.
В) Кең.
С) Қала.
D) Ұл.
Е) Аға.
72.Тәуелдік жалғауының бірінші жағының көпше түрінде тұрған сөзді табыңыз.
A) Орманның іші.
B) Оның қаламы.
C) Сәуленің кітабы.
D) Біздің жатақханамыз.
E) Тілім барда, халқым бар.
73. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықтаңыз.
А) Ашық буын.
В) Буын.
С) Аралас буын.
D) Бітеу буын.
Е) Тұйық буын.
74.Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді табыңыз.
А)қаланың
В)мектептен
С)орманнан
D)кітабың
Е)қаладан
75.Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар екенін анықтаңыз.
А)5
В) 3
С)1
D)2
Е)4
76.Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
B) Сабақты екеулеп оқыды.
C) Қызыл шұбары – он үш.
D) Отыз – онға бөлінеді.
E) Сексенді екіге бөл.
77. Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз. Кейбіреулері сәл тоқтады.
A) Зат есім.
B) Сын есім.
C) Есімдік.
D) Етістік.
E) Одағай.
78.Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
A) Сендер.
B) Өмірдегі.
C) Ең.
D) Бақытты.
E) Адамсыңдар.
79. «Алғашқы» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А) Алды.
В) Соңғы.
С) Бірінші.
D) Алдағы.
Е) Екінші.
80. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтаңыз. Не деген тамаша өзен.
А) Құрмалас сөйлем.
В) Хабарлы сөйлем.
С) Сұраулы сөйлем.
D) Бұйрықты сөйлем.
Е) Лепті сөйлем.
61. A) 9
62. A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді.
63. E) төзімсіз, төзімді.
64. E) шырай
65. E) көптік жалғау
66. D) Есімдік
67. D) Түсіндірмелі салалас
68. B) Ыңғайлас салалас
69. В) оқушы
70. С)әке
71. D) Ұл
72. D) Біздің жатақханамыз.
73. А) Ашық буын.
74. D)кітабың
75. В) 3
76. D) Отыз – онға бөлінеді.
77. C) Есімдік
78. E) Адамсыңдар.
79. С) Бірінші
80. Е) Лепті сөйлем
Объяснение:
61. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны - 9. Олар: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ.
62. Мысалы: ар, ұят, үй
63. Төзімді-төзімсіз - антоним сөздер
64. Шырай – сын есімнің біртектес сапалық сынын анықтайтын ерекше категория
65. Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша
66. Есімдіктердің мағыналық түрлері жетеу: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау
67. Іс-әрекет түсіндіріліп тұр
68. "де" жалғауы арқылы байланысқан
69. -
70. Атау септік кім? не? сұрақтарына жауап берді.
Кім? әке.
71. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
72. -
73. Мысалы: ша-ға-ла, ә-же
74. (сенің) кітабың
75. Құрмалас сөйлемнің 3 түрі бар: салалас, сабақтас, аралас
76.Отыз(не?) - онға бөлінеді
77. кейбіреулері - белгісіздік есімдігі
78. -
79. -
80. Не деген тамаша өзен.
Сөйлемде айтушының көңіл-күйі мен сезімдері байқалғандықтан, сөйлем лепті болып табылады.