В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
brody96
brody96
17.04.2023 01:21 •  Қазақ тiлi

67. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Анау - құла ат екен,
Мынау - ала құла ат екен.
• Қарамен жазылған сөз тіркестерінің аралығында айтылуда қан
дай өзгеріс болғанын бір-біріңе түсіндіріңдер.Тееез 4аламын айтпесе ​

Показать ответ
Ответ:
sssmak1
sssmak1
19.02.2023 06:12

Қазақстанның көрікті жерлері

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sofusavihc1289
sofusavihc1289
17.08.2021 11:59

Қазақстанның қызыл кітабы.

"Адамның табиғатсыз күні жоқ,

табиғаттың оны айтар тілі жоқ" демекші,адамның іс-әрекетінің нәтижесінде табиғат үлкен зардаптар шегіп,көптеген ағза түрлері жойылуға жақын тұр,енді біреулері мүлде жойылып кеткен де.Ал сондай сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы – "Қызыл кітап" деп аталады.Неге қызыл түс? Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынған екен.Қызыл кітап – сүйсініп оқитын кітап емес.Бұл кітаптың сырты қызыл болғанымен,іші қора.Олай дейтініміз, ішінде біздың табиғатымыздың ажырамас "бөлшектерінің" тізімі бар.

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады.Кітаптың бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі,екінші басылымында 129 түрі,ал үшіншісінде 125 түрі мен түр тармақтарының тізімі берілген екен."Қызыл кітаптың" еліміздің бүгіні мен болашағында алар орны зор.Ол біз секілді ел азаматтарын табиғатты қастерлеп,қорғауға үйрететіні сөзсіз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота