Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
1) Личные
(Жiктеу)мен – я
сен – ты
сіз – Вы (уважит., ед.ч.)
ол – он, она, онобіз – мы
сендер – вы
сіздер – Вы (уважит., мн.ч.)
олар – они2) Возвратные
(Өздік)өз – свойөзім – я сам
өзің – ты сам
өзіңіз – Вы сами
өзі – он сам, она сама, оно самоөзіміз – мы сами
өздерің – вы сами
өздеріңіз – Вы сами
өздері – они сами3) Указательные
(Сiлтеу)бұл, осы, мына, мынау – это, эта, этот
сол, ана, анау – то, та, тот
міне – вот
әні, әне, әнеки, сонау – вон тот, та4) Вопросительные
(Сұрау)Кім? – кто? Не? – что?
Қайда? – где? куда?
Қашан? – когда?
Қай? Қандай? – какой?
Нешеу? – сколько?Неше? Қанша? – сколько?
Қайдан? – откуда?
Қалай? – как? каким образом?
Қайсы? – который?
Нешінші? – который?5) Определительные
(Жалпылау)бәрі, барлық, бүкіл, барша – всеәр, әрбір – каждый
әрқайда – везде
әрқалай – по-разномуәркім – каждый (чел.)
әрқашан, әрдайым – всегда
әрқайсысы – каждый из них6) Неопределённые
(Белгісіздік)біреу – некто, кто-то
әлдеқандай – какой-то
әлдеқашан – когда-то
біраз – немногобірдеме – нечто, что-то
әлдеқайда – где-то, куда-то
бірнеше – несколько
кей, кейбір – некоторый7) Отрицательные
(Болымсыздық)ештеме, ештеңе, дәнеме, ешнәрсе – ничтоешкім – никто
ешбір – ни один
ешқайда – никуда
ешқандай – никакой
ешқашан – никогда
ешқалай – никакешқайсысы – никто из них