7 АЙТЫЛЫМ
-тапсырма.
Бір сөйлемге әртүрлі сұрақ қой.
Үлгі:
Сөйлем:
Әлемдегі екінші ірі кітапхана — Британдық кітап-
хана.
Ұлыбританияның Ұлттық
кітапханасы Лондон қаласында
орналасқан. Британдық кітапханада
25 миллиондай сирек кездесетін
қолжазба мен кітап бар. Кітап қоры
150 миллионнан асады.
Сұрақ:
1. Әлемдегі екінші ірі кітапхана қай елде
орналасқан?
2. Британдық кітапхана – үлкендігі жағынан
Әлемде нешінші кітапхана?
3. Әлемдегі екінші ірі кітапхана
қай кітапхана?
4. Британдық кітапхана нешінші орында?
Сұрақ:
1. Әлемдегі екінші ірі кітапхана қай елде
орналасқан?
Ұлыбританияда
2. Британдық кітапхана – үлкендігі жағынан
Әлемде нешінші кітапхана?
екінші орында
3. Әлемдегі екінші ірі кітапхана
қай кітапхана?
Британ кітапханасы
4. Британдық кітапхана нешінші орында?
екінші орында