7 Бапсырма: Бір сөйлемге әртүрлі сұрақ қой.
Үлгі:
Сөйлем:
Ұлыбританияның Ұлттық
кітапханасы Лондон қаласында
орналасқан. Британдық кітапханада
25 миллиондай сирек кездесетін
қолжазба мен кітап бар. Кітап қоры
150 миллионнан асады.
Әлемдегі екінші ірі кітапхана Британдық кітап-
хана.
Сұрақ:
1. Әлемдегі екінші ірі кітапхана қай елде
орналасқан?
2. Британдық кітапхана үлкендігі жағынан
әлемде нешінші кітапхана?
3. Әлемдегі екінші ірі кітапхана қай кітапхана?
4. Британдық кітапхана нешінші орында?
Астананың туған күніне құттықтау.
Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі Астана қаласының туған күні құтты болсын! Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың туған күні тағы да құтты болсын!