7. Берілген үзінді эссенің қай бөлігі екенін анықта, астын сыз. Әрине, заман тенденциясына сай олардың артықшылықтары да баршылық, қызметкерлер саны жетіспеген жағдайда олар ең қолайлы шешім екені сөзсіз. Дегенмен, менің ойымша, роботтар адамға бәсекелес болатындай деңгейге әлі жете қойған жоқ. Біріншіден, роботтар темір құрылғы болғандықтан, күндердің күнінде ақау пайда болатыны айдан анық. Сол себепті робот адамның орнына жұмыс істеген күннің өзінде ол бақылауды талап етеді.
Екіншіден, роботтар шығармашылық, ой еңбегі, үгіт-насихат жұмыстарын жасай алмайды, бұл қызмет түрінде адамның орнын ешкім баса алмайды. Сонымен қатар роботтарда эмпатия, эмоция, интуиция болмайды. Мәселен, кішкентай балаларды оқытуда арнайы әдісті талап етеді. Әрбір балаға өзінше әдіс қолдана отырып оқыту бұл өнертабыстың қолынан келетіні екіталай, өйткені олар өздеріне белгіленген алгоритмнен басқа ешнәрсе іске асыра
Жыртқыш аңдар туралы диалог.
– Сәлем, Гүлім! Қалың қалай?
– Сәлем, Бақыт! Жақсымын, өзің ше?
– Мен де. Алдағы жексенбіге қандай жоспарың бар? Мүмкін хайуанаттар саябағына барып қайтармыз?
– Мұражайға барамын ба дегенмін. Ал хайуанаттар бағына барғым келмейді.
– Неліктен?
– Онда небір жыртқыш жануарлар бар.
– Қорқасың ба олардан?
– Жоқ, қорыққанымнан емес. Бірақ сонда тірі табиғат өкілдерінің тордың астында не бір топ адамның көз алдында үнемі жүруі дұрыс емес деп білемін. Әрине, бұл жыртқыш, көп көре бермейтін жануарлармен танысуға мүмкіндік берер. Алайда оларды қорықтардан не экспедицияға шығу арқылы да тануға болады ғой.
– Иә, дұрыс айтасың. Өткен жолы мен Африкадан әкелінген арыстанның баласын көргенмін. Көздері жәудіреп тұрған...
– Көрдің бе, оларды табиғаттан айыру дұрыс емес деп ойлаймын.
– Қосыламын. Енді мен де бармаймын. Ал сен мұражайға барар болсаң маған хабарласшы, жарай ма?
– Жарайды.