В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mandarinka3001
mandarinka3001
20.01.2023 09:15 •  Қазақ тiлi

7. Етістіктерді пайдалана отырып, жазудың дамуы жайында ақпараттық сөз дайында,
Пайдалану, қолдану, бейнелеу, суреттелу, көріну.​

Показать ответ
Ответ:
Slloonok
Slloonok
25.03.2020 22:04

Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлының замандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".[1] Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен.[1] Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті: Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бүрыс, Ақылым алжыған жоқ, Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. Ел арасында "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деген нақыл сөз содан қалса керек.

Объяснение:

осы дұрыс мен осыны жаздым

0,0(0 оценок)
Ответ:
Dabby1
Dabby1
14.12.2021 03:03

Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жыр» — əлем əдебиетінен өзіндік орын алған батырлық эпос «Қорқыт ата кітабындағы» негізгі жырлардың бірі. Қазір біздің қолымызда «Қорқыт ата кітабының» қазақ тіліндегі екі аударма нұсқасы бар. Бірі — филология ғылымдарының докторы, профессор Əуелбек Қоңыратбаевтың орыс тілінен аударған нұсқасы. Бұл 1986 жылы Алматыдағы

«Жазушы» ба жарық көрген. Енді бірі — Мəжит Əбузарұлының түрік тілінен аударған Шыңжан «Жастар-өрендер» ба жылы жарық көрген нұсқасы. Біздің пайымдауымызша, екі нұсқанның аудармасында үлкен айырмашылық жоқ, негізінен ұқсас. Бірақ Қазақстанда жарық көрген басылымның тілі бізде жарық көрген нұсқаға қарағанда көнелеу, яғни байырғы сөздер молырақ, кейбір салтқа байланысты дүниелер де бұрынғы кезге жуықтау алынған. Ал Мəжит Əбузарұлының аудармасында исламдық түс өте басым, сондықтан біз Қазақстандағы аудармасын негіз етіп пайдаландық.

Объяснение:

осы бола ма?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота