Менің сүйікті пәнім - ағылшын тілі. Неліктен дейсіз бе? Біріншіден, жаңа тілді үйрену маған ұнайды. Тілмен бірге сол халықтың ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысасың. Екіншіден, ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады, яғни оны білу арқылы мен халықаралық қатынастарға түсуге, не басқа мемлекеттерден келген адамдармен оңай тіл табысуға мүмкін аламын. Үшіншіден, ағылшын тілін тереңірек оқыған сайын онда кездесетін "тұрақты тіркестер" (идиомалар), ауыспалы мағынада құралған сөздерге таңданамын. Тіпті өзімді жаңа материк ашқандай сезінемін! Төртіншіден, қазіргі таңда бар әдебиеттердің көбісі ағылшын тілінде жазылған. Ол әдеби кітап болсын, не ғылыми дерек болсын, көбісі ағылшынша. Сөйтіп, мен бұл тілді білу арқылы ой-өрісімді дамыта аламын. Міне, осы 4 аталған факторлар менің ағылшын тілін сүюіме себеп.
Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.