7 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сынып: 7 «___» сынып
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Білім алушы:
Күні:
ЖАЗЫЛЫМ
«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз.
СОЧ?!
• Абай Құнанбаев өзінің он тоғызыншы қара сөзінде естілік ұғымы туралы терең ой қозғайды. “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады” – дейді.
• Мінеки, естіліктің а ң бойына туа сала бітпейтінін, естіліктің күнделікті өмірде сезіну, түсіну арқылы қалыптасатынын айтады.
Шыр етіп туа сала ешкім дана болмайды, оқып, біліп, жақсыны бойына сіңіре алған есті болады. Ия, а өмір тәжірбиесінің нәтижесінде жақсылық пен жамандықтың, естілік пен ессіздіктің жігін ажыратады. А есейе келе, күнделікті өмірден алған тәлім-тәрбиесінің, тәжірибесінің арқасында, санасы, білімі дами береді.
• Абай Құнанбаетың осы қара сөзіндегі ой-тұжырымы қазақ халқының мәтеліндегі «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген ұғымымен де ұштасатын сияқты. Естілердің айтқан сөздерін ой елегінен өткізе отырып , оның пайдалы және ұтымды жақтарын күнделікті өмір тәжірбиесінде оңтайлы қолдана білуі, сол адамның ақылдылығын көрсетеді
Он тогызыншы қара сөзі – біздер, жастар үшін бағасыз сый. Сол сыйды өзінің қажеттілігімізге жарата білу біздің, жастардың, еңбектене белуімізге және де жалқаулықты жеңуімізге байланысты.
Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.
Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .