В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
yuli200
yuli200
08.03.2020 15:33 •  Қазақ тiлi

7-сынып «Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

А мәтіні

Тәні саудың - жаны сау

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет.

(169 сөз)

1.Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді?

A. Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады.

B. Спорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады.

C. Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.

D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады.

2.Қазақстан халқының спортпен айналысатындығы қай абзацта айтылған?

A. І

B. ІІ C. ІІІ D. ІҮ

3.Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» - деген, сіз осы тұжырыммен келісесіз

бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

Ә мәтіні

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.

1.Азия мемлекеттерінде қандай ем қолданады?

A. медицина мен халық емін

B. дәстүрлі ем

C. халық емін

D. медицина емін

2.Табиғи жолмен алынған дәрілерді тұтыну туралы ақпарат қай абзацта?

A. ІІ, ІІІ

B. І, ІІ

C. І, ІІІ

D. барлық абзацтарда

3. Не себепті дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып отыр? Мәтіннен бірнеше дәлел келтіріп, 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс

.

1. Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.

2. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Адамның дені сау болу үшін не қажет екендігі туралы әңгімелеңіз.​

Показать ответ
Ответ:
kiraueus
kiraueus
25.09.2021 04:12

Сәрсеке М. Қаныш Сәтбаев: роман–эссе. – Астана: Фолиант, 2008. – 648 с.

Ұлтымыздың кемеңгер перзенті К. Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға М. Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, осы жолда толғаған тартымды еңбегімен казақ қауымына танылған қаламгер. «Нартұлга» сериясымен жарыққа шығып отырған «Қаныш Сәтбаев» ғүмырнамасы – деректі жанырдың айтулы шеберінің осы саладағы көп жылдық еңбегінің тың деректермен толықтырылып, Мәскеудің «Молодая гвардия» ба лемге әйгілі «Жайсаң адамдар өмир» (ЖЗЛ) сериясымен 2003 жылы екінші мәрте жарияланған нұсқасымен мәтіні бірдей ең толымдысы.

Бұған дейін кұпияда ұсталып, «ақтандақ» калпында қалып келген мұрағат кұжаттарын, хаттар мен естеліктерді пайдаланып, ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үйшінің жүрекжарды әнгімелерін арқау етіп қиял – қо рілген һәм ғалым өмірінің бел – белестерін букпесіз ашып, ұлағатты ғұмыр жолын саралап та, даралап та ұлықтаған ғұмырнама, сірә, Қаныш асылымызды ардақ тұтқан қауымды бей – жай қалдырмас деген үміттеміз.

Объяснение:удачи

0,0(0 оценок)
Ответ:
малыш115
малыш115
25.09.2021 04:12

МІНЕЗДЕМЕ

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының маманы

Рахметова Райхан Рахметуллақызына

Рахметова Райхан Рахметуллақызы 1980 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген, мамандығы – филолог, оқытушы.

Рахметова Райхан Рахметуллақызы 2003 жылдың 18 ақпанында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында маман ретінде қызметке қабылданды. Алғашқы күннен бастап, Рахметова Райхан Рахметуллақызы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауаптылығын, ұқыптылығын танытты.

Жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты.

Осы ерекшеліктері ескеріліп, 2003 жылдың сәуір айынан бастап, ол кадрлар бөліміне ауыстырылды. Бұл бөлімнің де құжаттарымен сауатты да ұқыпты жұмыс істеу, ісін тиянақты да уақытылы орындау, тапсыру сияқты талаптарына сай жақсы қызмет атқарып келеді. Сонымен бірге аударма ісімен де жақсы жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде деуге болады. Орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.

Өзіндік ерекшеліктері – іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер.          

 

Төрағасы            қолы                 аты-жөні    

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота