«ЭКСПО-2017» төңірегінде түрлі әңгімелер өрігені белгілі. Еліміздің сыртқы беделі мен ішкі экономикасына айтарлықтай үлесін тигізетін осынау Халықаралық көрменің маңызы жөнінде Мемлекет басшысының өзі аз айтып жүрген жоқ. Елімізге келген әрбір шетелдік дипломаттар мен үлкен саясаттағы серкелер де 2017 жылы Астана төрінде өтетін осы көрмеге ерекше ықыластарын білдіріп-ақ, жатыр.
«ЭКСПО-2017» ғалымдар мен мамандардың жаһандық қарым-қатынас алаңына айналып қана қоймай, іс жүзіндегі және ғылымдағы зерттеулердің революциялық қарқынды қадамы болмақ.Бұл туралы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерлан Батташұлы Сыдықов мырза мәлімдеген.
Сондай-ақ, келер жылы Елорда төрінде тұсауы кесілетін көрменің еліміздің ғана емес, әлемдік білім беру саласында жа көптеген жаңалықтар ашатыны анық. Қоғамдық кеңес төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлтық университеті ректоры Ерлан Батташұлының айтуынша, бұл көрме іс жүзіндегі және ғылымдағы зерттеулердің революциялық қарқынды қадамы әм ғылыми трендтер, жобалар, мамандықтардың пайда болуына жол ашады.
«Мысалға алғанда, ғылыми трендтер, жобалар, мамандықтар пайда болады. Біздің университеттегі «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқару және инжиниринг» кафедрасында қазірдің өзінде бірқатар бағыттарда зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтатын болсақ – Қазақстан ландшафтарын климаттың өзгерулерін есепке ала отырып, оның өнімділігіне және сыйымдылығына экологиялық баға беру, «жасыл» құрылыстардың экологиялық проблемалары, жылу беру жүйесінде энергияны үнемдейтін жылу үрлегіштерді пайдалану және басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізілуде»,-дейді қоғамдық кеңес төрағасы.