7-тапсырма. көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жаз. қажетті сөздер: шайқасады, жоңғарлар шабуылы, құдай, қорғайтын, сыйынады, көз жасы.
Көлдің пайда болуы туралы аңыз көп. жиі айтылатыны - … туралы аңыз. қазақтар мен жоңғарлар … . жоңғардың әскері көп болады. жоңғарлар қазақтарды жеңе бастайды. сол кезде қазақ жігіттері құдайға … , көмек сұрайды. қазақтарға көмектеседі. құдай жоңғарларды қазақ жерін … тас мүсіндерге айналдырады. ал көлдегі су қазақ жігіттердің аналарының … екен.
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.