7-тапсырма. Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар. Кестедегі тапсыр- маға байланысты Қалиға мінездеме беріңдер.
Кейіпкер
Мінезі
Шығармадан
үзінді жазыңдар
Спортты жақсы көреді.
Жан-жануарлар туралы көп біледі.
ҚАЛИ
Алдына қойған мақсаты бар.
Болашақта ұшқыш болуды
армандайды.
й
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!