7-тапсырма Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша 1 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтайды. Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің күшімен өндірілетін электр қуаты халықшаруашылыққа жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі артады. Республиканың кейбір су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген өте тиімді. Бұл – өте зор энергия көзі. Алайда жел электр стансысының адамзатқа пайдасымен қатар зияны да бар. Айналып тұрған механизм дыбыс шуын шығарады. Ол адам денсаулығына кері әсер етеді екен.
1негізі ақпарат:
1қосымша ақпарат:
2 қосымша ақпарат:
Дескриптор: -мәтінді түсініп оқиды
- мәтін мазмұны бойынша 1 негізгі , 2 қосымша ақпаратты анықтайды
Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым. Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы. Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.
Ең алғаш ғарышқы саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келедіүБіздің елемізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.