7-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, кәсіби сөздерді теріп жаз. Қай салага жататын кәсіби сөздер екендігіне көңіл бөліп, оларға түсінік бер. Казах
тілінің түсіндірме сөздігін пайдалан.
Ертеде бір балықшы суды жағалап келе жатса, алыста күнмен
шағылысып, жалтырап дыраудай бір нәрсе көрінеді. Жакындап
келсе, айналасындағы бір жымға денесінің көбін батырып, үлкен-
дiri қайықтай бір нән балық жатыр екен. Балықшы оны қолындағы
жарағымен аулап ала алмайды. Көршісі Иван деген балықшының
жарағы, ау-жадырасы бар екен...
көмек тесіңдеші
"Қарт адам – қазына" (атам мен әжем туралы)
Халқымызда «Кәрінің бәрі игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ак сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер.
Менің де ата – әжем бар, олардың мен үшін алатын орындары да бөлек, оларды ерекше жақсы көремін. Ешбір мейрамды әжемнің пісірген тәтті, ыстық бауырсақтарынсыз елестете алмаймын. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Біз атамыз бен әжемізбен тұратындықтан біздің үй «қара шаңырақ» аталып кеткен, міне, сондықтан алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе,міндетті түрд біздің үйге келіп, ат басын тірейді.
Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.