7-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, темендегі сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Бүгін қанша сөз үйрендіңдер? 2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 3. Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек? нужно
"табиғатты қооғайық" Адам - табиғаттың айнымас бөлшегі, перзенті. Оның басты міндеті де осыған сай табиғатты аялап, оны күту болып табылады. Айналаны таза ұстау - оны ластамаудың, аялаудың алғышарттары. Сол себепті де тазалау шараларын, яғни сенбіліктерді ұымдастырып, оны тазалауға, қорғауға ат салысу игі істер қатарына жатады. Ағаш егіп, оттегі қорын кобейтіп қана қоймай, ағашсыз аумақтарды көгалдандыру келер жастарға онеге болады. Ал уяда осындай онеге алған жастар, ұшқанда соны іліп, табиғатты қорғаса, табиғат-тал бесігіміз бізден де шапағатын аямайтын болады.
Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.
Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей
Адам - табиғаттың айнымас бөлшегі, перзенті. Оның басты міндеті де осыған сай табиғатты аялап, оны күту болып табылады.
Айналаны таза ұстау - оны ластамаудың, аялаудың алғышарттары. Сол себепті де тазалау шараларын, яғни сенбіліктерді ұымдастырып, оны тазалауға, қорғауға ат салысу игі істер қатарына жатады. Ағаш егіп, оттегі қорын кобейтіп қана қоймай, ағашсыз аумақтарды көгалдандыру келер жастарға онеге болады. Ал уяда осындай онеге алған жастар, ұшқанда соны іліп, табиғатты қорғаса, табиғат-тал бесігіміз бізден де шапағатын аямайтын болады.