7-тапсырма. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, сөйлемдерді
көшіріп жаз. Үстеу сөздерге сұрақ қой.
1. Әрқашан да осылай, ешкім сенбейді маған. 2. Кеше жауабын
беремін деп уәде еткен едім. 3. Қадиша киініп те үлгерген, қайтуға
әзір тұр екен. 4. Ертең, бүрсігүні не бітіресіз? 5. Міне, бүгін келді.
6. Зорға шыдап, қиналып жатқан адамның кейпі бар. 7. «Кейін,
кейін» деп қабылдамайды. 8. Манадан бері неге айтпадың? 9. Бұл
әншейін жол-жөнекей айтылған сөз. 10. Қасына қайта отырғызды.
11. Ыза кернеп зорға тұрмын.
Бiр аптада жетi күн бар. – В одной неделе семь дней.
Сөздiкте үш мың сөз бар. – В словаре три тысячи слов.
Сыныпта отыз екi адам бар. – В классе тридцать два человека.
Реттік сан есімдер (Порядковые числительные) Қаңтар - жылдың бiрiншi айы. – Январь - первый месяц года.
Он тоғызыншы палатада әжем жатыр. – В 19-ой палате моя бабушка лежит.
Жиырма бесiншi қазан - Республика күнi. – 25 октября - день Республики.
Он бесіншi ақпан. – 15-ое февраля. Жиырма екіншi наурыз. – 22-ое марта.
Бiріншi қантар - Жаңа жыл мейрамы. – Первое января - Новогодний праздник.
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсiздiк күні. – 16 декабря - день независимости.
.Жинақтық сан есімдер (Собирательные числительные)Екеуiнде кiтап бар. – У двоих книги есть.Мыналардың бiреуiнiң аты - Жан. – Имя одного из них - Жан.Олардың екеуi. – Они вдвоём. Бiздiң үшеуiмiз. – Мы втроём.
Болжалды сан есімдер (Приблизительные числительные)Біздің үйде қырықтай гүл бар. – В нашем доме около сорока цветов есть.
Бізде елуге жуық қызметкер бар. – У нас около пятидесяти сотрудников есть.
Алма нешелерде? Жиырмаларда. – Алме сколько лет приблизительно? Около двадцати.
Қайраттың жасы қырықтарда. – Возраст Кайрата около сорока.
Бөлшектік сан есімдер (Дробные числительные)үштен бiр – 1/3 - одна третья
бiр бүтiн бестен екi – 1 2/5 - одна целая две пятых
он алтыдан бiр – 1/16 - одна шестнадцатая нөл бүтiн оннан бес – ноль целых пять десятых (0,5)
сексен төрт бүтiн жүзден он үш – восемьдесят четыре целых тринадцать сотых (84,13)
Топтау сан есімдер (Разделительные числительные)қырықтан – по сорок, екiден – по два
жүз елу бестен – по сто пятьдесят
он-оннан – по десять, бес-бестен – по пять
Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.