Көп адамдар бос уақыттарын өзінің жаны қалаған істерімен айналысады . Мен де өз уақытымды ән айтумен өткіземін . Маған ән айту өте ұнайды . Ән айту арқылы уақытымды өткізумен қатар , жаным қалаған әнді орындап ләззат аламын .
Менің сүйікті ісім - ән айту. Кішкентай кезімнен жаңа ән естісем, жаттап алып, айтып жүремін. Үйге қонақ келгенде, бәрі менен ән орындап беруді сұрайтын. Ал қазір мен мектеп сахнасында, әртүрлі музыкалық конкурстарда ән салып, өнерімді көрсетіп жүрмін.