74-жаттығу.батыр бол. қызық кино болды.ұшқыштар жайында. кинодағы ағаның барырын-ай!Ұшағымен құстай құлдырап,қорықпай ұшты.Аударылса да ,құламайды.ұшағы жанса да жыламайды.неткен өжет,ә !батырлар солай
Әлкен әбден риза.Шешесіне бәріг айтқанша асық.
-құлыным -ай,мұнша не болды?
Әлкеннің айтпағы тіпті басқа.
-мама,батыр болайын ба,а?болайыншы ,а?
шешесі елжіреп,шөп еткізіп сүйіп алды.
,
-арманыңнан айналайын!бола ғой,күнім!
әлкен қуанған алқайлап,әжесіне қарай жүгірді.
Алқай!Әже,мамам:батыр бол!"-деді!
Әлкеннің шешесін бақытты сезім толықытты.Өйткені ол болашақ батырдың анасы емес пе?!
Тыңдаған мәтіннің негізгі тұстарын белгілеп ал.соған сүйеніп мазмұнын айт.
мәтінге ат қой.
мәтінді сөз топтарына талдап, кестеге түсір.
зат есім-
етістік-
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Үстеу
Шылау
Одағай
Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
Тарихы
Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен 17-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жsks “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
Мазмұны
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.
Өнімдер бойынша елімізде импорт тым азайып кетті. Көп сауда орталықтарында күнделікті омірде көріпижүрміз сөрелер басқа елдің өнімдерімен қоса Қазақстандық өнімдермен толып тұрады. Мен өз басым өз еліміздің өнімдерін тұтынғанды жақсы көрем. Олардың сапасы, майлылығы, қант мөлшері т.б бәрі нормада болады, бірақ кішкене қымбатшылығы тағы бар. Ал, кейбір адамдар еліміздікінен көрі өзге елдікін алуды жөн көреді. Себебі ол арзан бағада. Отандық өнімдердің ішіндегі біреуін айтар болсам ол- кәмпиттер. Кәмпиттерді 180° температурадан 75° ылғалдылық температурада сақтау қажет. Кәмпиттердің біріне жарнама жасағым келеді. Өзі барлығына ұнайды әрі дәмі тіл үйіреді ол шокаладқа жаңғақ араластырылған паралинді Красная шапочка, Белочка, Красный мак деген өнімдер. Бұл кәмпит өнімдері мен үшін ең керемет және тәттілігі жағынан әлемде жоқ деп есептеймін.
Объяснение: