780. 1. Жиынның элементтерін атаңдар: 1) жұп цифрлар жиыны; 2) тақ цифрлар жиыны.
2. Жиынның бірнеше элементтерін атаңдар:
1) жай сандар жиыны; 2) құрама сандар жиыны; 3) жай сан да
құрама сан да болмайтын сандар жиыны; 4) 10 санына еселік
сандар жиыны; 5) 37 санының бөлгіштерінен тұратын жиын,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.