2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4% (130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.Жекеменшік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды.Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн. теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5%.2005 ж. 01 қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:Өнеркәсіп және азық-түлік тобы-2922;Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-1119;Тұрмыстық қызмет көрсету-1021;Базарлар-76.Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Биылғы жылғы Наурызда қала әкімі барша тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Үйде де әжем бізге Наурыз көже пісіріп, ыстық бауырсақпен керемет көже іштік. Апам да шайға тәттілер әзірлеп, шелпек пісірді. Көршілерді қонаққа шақырып, бірге отырып шай іштік. Наурыз – біздің сүйікті мейрамымыз.
Наурыз.