8. Күн, ай атауларын, жылдарды дұрыс айт. Көршіңнің сандарын парақпен жауып қой.
2-ойыншы
1-ойыншы
Тыңда
Сөйле
4-сәуір
2016 жыл
Тыңда
Сөйле
1980 оқушы
7-маусым
31-тамыз
1956 жыл
2016 жыл
16-үй
Баста
1980 оқушы
25-шілде
31-тамыз
3-ойыншы
Сөйле
Тыңда
7-маусым
4-сәуір
9-сынып
1956 жыл
16-үй
25-шілде
Үйрек, үй үйректері қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар.
Шамамен біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын Еуразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада жабайы барылдауық үйректі қолға үйрету арқылы шығарылған. Үйректердің ең көп тараған түрлері: бейжің (пекин) үйрегі, мәскеудің ақ үйрегі, мускусты үйрек, үндінің жүйрік үйрегі, т.б. Пекин үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді. Мекиенінің салмағы 3,0 кг, аталығы 3,5 кг, 9 апталық балапанының салмағы 2,5 кг тартады. Жасы 6 — 8 айға жеткенде жұмыртқалай бастап, 7 — 8 айдың ішінде 80 —120 жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75%. Мәскеудің ақ үйрегі сырт тұлғасы жағынан пекин үйрегіне ұқсайды. Ол тез жетіледі, өте бейімделгіш, жұмыртқасы 90 г, жылына 100-ге дейін (екі жыл бойы) жұмыртқа табады. Балапан шығымы жоғары. Мускусты үйректердің кеудесі кең денесі ұзын, жақсы ұшады; қауырсыны қара, қара ала түсті болып келеді. Мекиендерінің салмағы 2,5 — 3 кг, аталығы 4,5 — 5 кг, жақсы семірген кезде 6 — 7 кг, бауырының өзі 350 — 550 граммға жетеді. 6 — 9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 60 — 120-ға дейін жұмыртқа табады. Таза еті көп, майы аз, оның құс бауырын өндіруде маңызы зор. Үндінің жүйрік үйрегі жұмыртқалағыш тұқым. Оның денесі, мойны, сирағы, құлағы ұзын жаратылған. Жылына 200-ден астам жұмыртқа табады. Дәмі тауық жұмыртқасына ұқсайды. Үйрек дәмді етімен және үлпілдеген мамығымен бағалы.Бізде оның көптеген тұқымдары өсіріледі. Әсіресе ақ үйректің екі түрі мәскеу және бейжің үйрегі, сұр украина үйрегі, ақ жемсаулы және харьков қара үйрегі көп тараған.
Үйрек - суда жүзетін құс. Жылдың жылы мезгілдерінде тоған мен көлдердің суы таяз жерінен қорегін тауып жейді.
Балалар алаңдарын көбейтер едім. Балаларға бір бірімен араласып, жүгіріп, ойнап таза ауамен демалуы керек қой. Сол сияқты көптеген ата-аналардың балаларына сұлу өмірді силауға мүмкіндіктері жоқ, ал балалардың бір жерде ойнағысы келеді. Кейбір балалар кездейсоқ жағдайларға ұшырап қалуы мүмкін, ойын алаңдары болмаса: ұлдар жұмыссыздықтан трансформатор дүңгіршектеріне шығады, немесе лифт шатырында сырғанайды.
Тегін өнер үйлерін көбірек салар едім. Балаларға өз таланттарын дамыту керек, себебі бала келешекте суретші немесе гимнаст болуы мүмкін ғой.
Мектептерге ақша қосар едім. Оқытушылар көбірек алатын, ал мектептерде көрсеткіш құралдардың көп болуы үшін.
Және жануарларды қыдыртқаннан кейін тазалық болу үшін оны қадағалайтын " Қадағалау қызметін" ұйымдастырар едім, жастар көшеде, саябақтарда, балалар алаңдарында өздерінен кейін жинамайтындықтан штраф салу үшін.
Қалдықтарды өңдейтін завод салатын едім. Бұл заводтар қалдықтарды қайта өңдеу үшін: біз тастаған заттардан көптеген пайдалы, қажетті заттар жасауға болады, және қоқыстар азаяды, олар кейде 300 км дейін тарайды. Қазір қоқыстар өртеледі, ауа бұдан ластанады, жерде өзіне шіріген қалдықтарды, шыны сынықтарын сіңіреді.
Барлық істерге әртүрлі жұмысшылар керек болар еді. Адамдар бос болмас еді, өз жұмысына ақша алып, соғыспайтын, соғыстың қажеті де болмас еді, және уақыты да болмайтын. Міне, мен президент болсам, не істейтін едім!