8. Көп нүктенің орнына көмекші етістікті қойыңыз. 1.Неге жұмыс істемей... , шаршап... ба? 2. Біз дәрісханада сурет ... . 3. Уақыт қанша болды? Сағатым тоқтап . 4. Мына оқулықты оған бере ... . Менде басқасы бар. 5. Бәрін тексеріп ... , қатесі болмасын. 6. Мына жерді жуып ... . 7. Әсия ылғи оқытушының сөзіне құлақ ... . 8. Кеше кешке бәрін оқып ... .
Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары: Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы т.б. жатады.
Шымкент сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Шымкентте бірнеше завод, фабрика, өндірістік орындар бар.
Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.
Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!
Шымкент
Шымкент Қазақстанда инфрақұрылымы жақсы дамыған жетекші қалаларының бірі. Елдің оңтүстігінде орналасқандықтан ауа-райы аса қолайлы. Халқының тығыздығы жағынан Республика бойынша үшінші орында тұр. Қала негізінен үш ауданға бөлінген.
Шымкент Қазақстанның көне қаласы. Кейбір ғалымдар қаланың негізі б.з.д. II ғасырда салынған деген тұжырым жасап жүр.
Ғалымдардың енді бір тобының пайымдауынша қала б.з.д V-VI ғасырларда пайда болған. Не дегенмен қала аса көне шаһарлар қатарына жатқызылады. Бұған қала маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары дәлел бола алады. Жақында қала маңындағы көне қамалдардың біріне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ер адам мен әйел адамның мүрдесі табылды. Жерлеу рәсімінің ерекшелігіне қарап тарихшылар мүрделердің зороастрлық салтпен жерленгендігін анықталып отыр. Демек аталмыш қабірдің өзіне 1500 жыл болған. Бізге белгілі болып отырған келесі деректерде Шымкент алғаш рет парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің естеліктерінде айтылады. Бұл 1425 жылдар шамасы болатын. Мұнда 1365-1366 жылдары Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы сан алуан деректер жазылған. Бұл дерек "Зафар Наме"- ("Жеңіс кітабы") атты кітабында кездеседі.
Қалай болғанда да, қала ескі замандардан бері адамдардың өмір сүруіне аса қолайлы мекен болған. Әмір Темір ханның қол астынан шыққаннан кейін қала XV ғасырдың басынан бастап XVIII ғасырдың жартысына дейін қала түгелдей Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Жоңғарлардың құрығынан құтылған қала XVII ғасырдың 1810-1864 жылдарында Қоқан және Бұхара хандықтарымен күрес алаңына айналады. Тіпті Қоқан хандығының ордасы да болады. 1864 жылы қалаға орыс әскері басып кіреді. 1867 жылдары қала Қоқандықтардан түгел дей азат етіліп Сырдария облысының уездік қаласы болады. Дәл осы түста Шымкент қаласы Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды.
Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, бұл аймақта жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнер аса дамыған қала болып қала берді. 1914 жылы Қазақстанның Рессейге қосылуының 50 жылдығына орай қаланың атауы орыстың генералы Черняев есімімен алмастырылады. Бірақ 1921жылы қаланы байырғы атауымен атау туралы шешім шығарылып қала Шымкент қаласы деп аталады. Содан бері қаланың гүлдену дәуірі басталды. Халық саны өсіп, ерекше әрлене бастады.
Қаланың атауы
Қаланың Шымкент атауының шығу тарихы бірнеше тұжырымдарға сәйкес келеді. Нақты дерек жоқ. Соған байланысты зерттеуші-ғалымдар «қала-бақ», «жасыл қала» десе, енді біреулері «жердің бет қабатымен қапталған қала» яғыни, шымнан тұрғызылған дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, ал «кент» қала, шаһар дегенсөз. Екеуі бірігіп шымнан салынған қала мағнасын береді. Келесі бір зерттеушілер «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді деп тұжырымдап отыр.