8. Романнан берілген үзінділерді түсініп оқып шығып, тап сырмаларды орындандар: үзіндіні бірнеше бөлікке бөліндер;
әр бөлікке атау беріңдер: әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді табың
дар:
кейіпкерлерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді
табындар;
мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап шығындар;
мәтіндегі оқиға орын алған жерлерді атандар дам
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір – қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді өрт қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.