8. Сабақтас құрмалас сойлемдерді тауып , жасалу жолдарын түсіндір . Универсиада - кешенді спорт сайыстарының iшiнде Олимпиададан кейiн екiншi орында тұратын , жастарды спортпен айналысуга жумылдыратын улкен шара . 2017 жылы Универсиадада катысушы елдер саны бойынша рекорд койылып , сайыстарга 1600 - ден артык студент катысқан . Сонымен катар бурын Универсиадада 70 медаль берiлсе , бұл
Жұмыс күнi iшiнде мейрамханасында Метрдотель болып табылады. Ол оларға бөлмеде қалуға көмектеседі, мейрамханаға берісте қонақтарды құттықтады. Қонақтарға Оның мінез-құлық пен қарым-қатынасы, ол жақсы көңіл-күй, оларды қамтамасыз ететін, мекеменің жағымды атмосфера мен беделі қамтамасыз етеді. Метрдотель мәзір мен шарап тізімі мейрамхана немесе кафе бар тамаша таныс, сондықтан тамақтан немесе шарап бренд үшін келушілерді кеңес алады. Ол, оларды ұсыну тәртібін тамақ дайындау технологиясын білу керек. Барабар шетелдік қонақтар қабылдау үшін, қызметкер шет тілін (ағылшын) айту керек және назарға өздерінің ұлттық ерекшеліктері мен тамақтану әдеттер қабылдайды. Метрдотель мейрамхана, сонымен қатар қонақ үй нөмірлерінде тікелей келушілердің қуатын ұйымдастыру, сондай-ақ гала қабылдаулар мен банкеттер ғана емес.
Әр түлік Төлінің өз атауы бар:түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі –лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр,жылқы, түйе)
Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).
Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары Төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туылғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.