В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
AnyMaskelyne
AnyMaskelyne
13.04.2022 18:19 •  Қазақ тiлi

8 сынып 2-токсан тжб жауабы


8 сынып 2-токсан тжб жауабы

Показать ответ
Ответ:
alexander124131
alexander124131
29.06.2022 22:21
Асханада
Біз апам екеуміз түскі уақытта  асханаға бардық,Асхана ас мәзіріне  неше түрлі тағамдар дайындаған,Оқысақ ас мәзірінде;ыстық салқын,сүт  тағамдары,ал тәтті тағамдардан  түрлі кондитер тағамдарын пісіріпті:пирогтар, пирожныйлар,пицца.Сусындардан шәй,кофе,какао,компот,каркаде бар екен,Даяшы келіп үстелдің үстін тазалап кетті,Мен тек қана шәй іштім, пицца  жедім, ал апам болса ыстық тағамнан палау алды,сусыннан кампот,Мен асхананың тамағын ұнатпаймын себебі тек қана анам пісірген тамақты ұнатамын,Қолым тисе үйден тамақтанғанды ұнатамын,Асханада бір байқағаным, әркім өзіне--өзі қызмет етеді, сосын үлкен кезек екен,
0,0(0 оценок)
Ответ:
Denis223423
Denis223423
28.02.2020 16:34
Ұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота