8-сынып. -тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналган
тапсырмалар
Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала,
интервью, кыска очерк, жолдаулар) тілдік
ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау
84.1.1 Мәтіндердің жанрлык жане стильдік
ерекшелігін сақтап, пагын мақала, пікір, інтервью
жазу
Бағалау критерийі Білім алуы
• мәтіндегі (мақала, интервью, кыска очерк, жолдаулар) жанрға
катысты ерекшелікті анықтайды
• шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және стильдік
ерекшелігін сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма Матіндерді оқып, жанрлық ерекшеліктеріне талдау
жасаныз және сұрақтарға жауап беріңіз.
менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. әдетте көп демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. менің бұл жақта достарым өте көп. біз ер болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. неге екенін білмеймін? ! ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. олар өте жақсы , мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. өйткені, ол сөздер ға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл ойнаймын. ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.
Жыл сайын елімізде дәстүрлі түрде атап өтілетін Президент шыршасы Атырау облысында мұнайлы астананың дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде атап өтілді. Оған Атырау қаласы мен аудан мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Әрбір аудандық білім бөлімі, облыстық деңгейдегі мектеп-интернат үйлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан, үздік оқитын он немесе бес баладан әкеліп, Елбасы ықыласына бөленулеріне мүмкіндік жасаған. Салтанатты шараға қатысу құрметіне ие болған бүлдіршіндер жан-жақтарын балаң жүздерімен қызықтай тамашалап, мәз-мәйрам болды.
Президент шыршасына келген балалардың қуанышын облыс әкімі Бергей Рысқалиев, қала әкімі Мереке Исмұратов, облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев, облыстық білім беру басқармасының бастығы Киікбай Жаулин бірге бөлісіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көгілдір экраннан кішкентай қазақстандықтарға жолдаған жаңа жылдық тілегін бірге тыңдады.
-Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаулы балалар жиналып отыр. Сіздер арқылы барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздер бақытты балалық шақты бастан кешудесіздер. Асыл армандарыңыздың шындыққа айналуы үшін дарынды балаларға арналған мектептер, думан орталықтары ашылуда. Енді Абай аталарың «А бір-бірінен ақыл, ар, мінез дегендермен озады» дегендей, үлкен азамат болып өсіңдер! Талантты да алғыр, зерек те зерделі болыңдар! Балалық шақтағы достықтарың ұзаққа созылсын. Біздің еліміз көп ұлтты, бәріміз де Қазақстанда тұрамыз. Бойдағы күштеріңіз бен таланттарыңызды елдің болашағына жұмсай аласыздар. Ол үшін жүректеріңізде Отанға деген патриоттық сезім болуы тиіс. Жақсы оқып, көздеген армандарыңызға жетіңіздер! Жаңа Жылда ойлаған армандарыңыз орындалсын!»-деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Биылғы Президенттік Жаңа жыл шыршасына республиканың қатысты.
Бұдан соң облыс басшысы бастаған топ Президенттік шыршаға қатысушы балалармен бірге жарқырай жанған шыршаны қол ұстаса айналып, оларға қыстық жылы киімдерді сыйға тартты.
Біз көңілді кештің қызығына қуанып, жүздері бал-бұл жанған балдырғандармен тілдесіп, ерекше көңіл күйлерін қаз-қалпында беруге тырыстық. Индер ауданы Гребенщик орта мектебінің 7 сыныбында оқитын Кәмшат Кайнеденова осындай әсем шараға бұрын да қатысып көрген екен. Бұл күннен ұмытылмас әсер алатынын айтқан Кәмшат осындай қуанышты сыйға тартқан облыс басшылығындағы азамат ағаларымен қоса, мектебіне, ондағы Нұртас, Мұстахима апайларына, осы шыршаға барлығын алып келген Гүлмира Сисенғалиева апайына алғысын жеткізуді қиыла сұрайды.