8-тапсырма.«ғабит мүсірепор» тақырыбына синквейн(бес жолды тақпақ) дайында.бес жолды тақпақтың құрылымы: 1. тақырыпқа қатысты бір зат есім,2 бірінші зат есімге қатысты екі сын есім3. бірінші зат есімге қатысты үш етістін: 4. бірінші зат есімді суреттеп,толықтыратын төрт кілт сөз,5. тақырыпты сипаттайтын бір синонимнемесе метафора (зат есім).
-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
1820 жылы ағылшынның Брейтан қаласындағы жазу қағаздарын сататын дүкеннің қожайыны Бревер тұтынушылардың өз тауарына деген қызығушылығын арттыруды ойластырып, жарнама жасауға бел буады. Таңертең тұрғындарды таң қалдыру үшін түнімен жұмыс істейді. Дүкен ашып, үлкен терезесіне орасан зор пирамида жасап қояды. Пирамиданың астыңғы бөлігінде газет беттерін басатын қағаздарды қойса, жоғарғы жағы визит парақшалары мөлшеріндегі қағаздармен өрнектеледі. Елден ерекше бұл көрме расында да жұртты қайран қалдырады. Көпшіліктің назары, әсіресе, пирамиданың ұшар төбесіндегі кішкентай парақшаға түседі. Хат жазуға ыңғайлы қағаз. Тек почтамен жөнелту үшін, оны алушының мекен-жайын қайда жазарын білмей әбігер ететіні болмаса. Мұның өзі Бреверді мекен-жай жазуға ыңғайлы жаңа пакеттерді ойлап табуға итермелейді. Дәл сол 1820 жылы тапқыр ағылшын қағаз қалтаның аздаған партиясын жасап шығарып, оны сатылған қағазға қосымша ретінде тегін беретін болды.
Аида ХАУМЕТОВА.
БҚО, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы.