8-тапсырма. Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқы. Үстеу сол қолданылған сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың кейінгі
ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ой
лаудан да тыйылар едік», деген. Бүгінде кітапты таңдай білу,
оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу нағыз өнер. Сон-
шама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді
кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет.
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін
жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да - кітап
екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге
192
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.