8-тапсырма. Берілген сөйлемдерді салыстырып оқып, сөйлемнің түрін (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) анықтаңдар. Сөйлем мүшелеріне талдау арқылы өз
пікірлеріңді дәлелдеңдер.
1. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты,
халқымыздың мәңгілік құндылығы.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы
тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене, құлшыныспен
кірісті.
3. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды.
4. Аз уақыт ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз
бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыс жасалды.
Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.
Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деген есім берілген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.
Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.
Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.