8-тапсырма. Берілген сөйлемдерге құрылымдық талдау (сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар. -ып формасы бірнеше қызмет атқаратынына назар
аударыңдар. Сөйлем құрмалас па, жай сөйлем бе? Дәлелдеңдер.
1. Қызметтен оралып, жуынып-шайынып бір-екі кесе шайын
ішкен ерлі-зайыптылар қалалы жерде театрға дайындала бастай-
Тын-ды.
2. Бүгінде жұмыстан шаршап келіп, шешініп қойған адам қайта
киінуге ерiнедi.
3. Токио муниципалитеті жанындағы жастар тәрбиесімен шұғыл-
данатын кеңес астана губернаторына ресми хат жазып, әр отбасы
өздері үшін бір күнді теледидар қарамайтын күн етіп тағайындаса
деп ұсыныс жасаған.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда
ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». (Н. Ә. Назарбаев)
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады.
Тарих өткенді саралап, келер уақытқа өнеге қалдырады. Қазақстанда конституциялық құндылықтардың дамуының өзiндiк тарихи жолы бар.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап ұлтымыз жан - жағынан қаумалаған жаулардан қорғана отырып, дербес, қуатты да тұрақты мемлекет болуға тырысты. Алтайдан бастап Арқа асқан, Жайыққа жеткен ұлан - ғайыр жерiмiз сол күрестiң нәтижесi. «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» қағидасымен дамуды көздеген бабаларымыз «Тәртiпке бағынған құл болмайды, тәртiпсiз ел болмайды» деген дала заңымен, салт - дәстүрiмен өмiр сүрді«Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғысы» сынды дала заңдары осыны меңзейдi.
Қыз өссе, елдің көркі.Бұл сөз өте кереме.Қараңызшы,"қыз" деген үш әріптен құралған сөз әлемнің барлық әдемілігі мен жайлылығын,табиғаты мен әсемділігін жиып тұр.Ана да қасиетті адам ана да қыз боп туылған,әже де қайырымды жан,ол да қыз боп өмірге келген.Әлемде қыздар көп не себепті деп ойлайсыз?Менің ойымша қыздардың көп болғаны жақсы,қыз баласы биязылығымен,инабаттылығымен,қылықтығымен өзіне баурап алатын әсем де аяулы жан.Біздің әпкеміз,сіңіліміз,анамыз,әжеміз де ардақты да аяулы жан.Қыз дегеніміз гүл ғой. Гүлді аялап ұстамасақ, солып қалады. Сол секілді қызды да аялап сыйламасақ,гүл секілді солып көңілі түседі. Сол үшін "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақал қалыптасқан.